Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының

«Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді
оқыту орталығы 2006 жылы 28 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімиятының
№267 қаулысына сәйкес құрылған. Орталық 2007 жылдың сәуір айынан
бастап жұмыс істейді.
Мекеменің мақсаты: өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет
саласының және акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялар
бөлімшелерінің, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне үш тілді
(қазақ, орыс, ағылшын) оқытып-үйрету.
Орталықтың 4 медиакласы бар. Әр кабинет 10+1 компьютер
жиынтығымен және интерактивтік тақтамен, жабдықталған. Орталықтың
әдістемелік кабинеттері, кітапханада 7000-ға жуық оқу-әдістемелік
құралдары, ұлттық танымдық бұрышы бар.
Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Талас, Меркі, Қордай, Шу
аудандарында оқыту бөлімшелері тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар,
Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарында үш тілді үйрететін тірек курстары
ашылған.
Орталық арқылы бүгінде үш тіл бойынша барлығы 23 210 тыңдаушы
оқып, оның ішінде: 17 825 тыңдаушы қазақ тілі, 1160 тыңдаушы орыс тілі,
4225 тыңдаушы ағылшын тілі бойынша оқу курсын аяқтады.
Оқу курсы 5 деңгейлік бағдарлама арқылы оқытылады. Әр деңгей 100
сағаттан, курс ұзақтығы – 2,5 ай, аптасына – 5 күн, 1 сағат 20 минут. Қазіргі
уақытта Тілдерді оқыту орталығында 29 этностың өкілі қазақ тілін ақысыз
негізде оқып үйренуде.
2014 жылғы 27 наурыздағы облыс әкімінің №81 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-
2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес, 2015
жылы облыстағы мемлекеттік қызметшілерді ҚАЗТЕСТ сынағына әзірлеп,
өткізу жоспарланған. Осының негізінде 2015 жылдың қаңтар айынан бастап
орталықтың штаттық кестесіне ҚАЗТЕСТ бойынша жұмыс атқаратын әдіскер
мен мұғалім бірлігі енгізіліп, арнайы әдістемелік және оқу кабинеті берілді.
Оқу кабинеті онлайн жүйесіне қосылған 18 компьютер, қажетті оқу-
әдістемелік кешендермен жабдықталған.
ҚАЗТЕСТ диагностикалық, сертификаттық тестілеуден өткен
мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы
қызметкерлер саны – 17 523 (мемлекеттік қызметшілер – 7940, бюджеттік
сала – қызметкерлері – 9154, өзге сала өкілдерінің саны – 429)
Орталықтың ресми сайты (til.zhambyl.kz) жұмыс жасайды. Кез-келген
тіл үйренуші сайтқа кіріп, онлайн жүйесінде курсқа жазыла алады және
орталықта оқитын мекемелердің басшылары өз қызметкерлерінің сабаққа
қатысуы туралы мәліметті білуіне мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар,
тыңдаушылар өз сабақ кестелерін кез-келген уақытта ұялы телефондары
арқылы біле алады.