Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының персоналды
басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ереже

1. Жалпы ереже

1. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының (бұдан
әрі – басқарма) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік
қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, басқарма ережесін, сондай-
ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 1 бас маманнан тұрады.

2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бас маманының негізгі
міндеттері, функциялары мен құқықтары

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік
органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және
іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және
біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық
іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді,
оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы
жүргізу.
4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті –
мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде
мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде
мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан,
даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге
де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен
оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай
автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін
өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау
жүргізуді қамтамасыз ету;
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік
қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік
әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті –
мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы
әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
Функциялары:
1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы
заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының
сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді
қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын
қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік
қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.
6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын
персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске
асырады.
Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес
қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері
мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
1) оған Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен
функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік
органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның
аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін
ұйымдастыру

9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) басқарманың
құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, басқарма
басшысына тікелей бағынады.