ЖЫЛҚЫБЕКОВ ҚУАТ БАУЫРЖАНҰЛЫ,
бас маман
Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-18-87
Электрондық поштасы: tiltaraz_2008@mail.ru
ЕРМАҒАНБЕТОВ ЕРЛАН ДАЙРАБАЙҰЛЫ,
бас маман
Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-18-87
Электрондық поштасы: tiltaraz_2008@mail.ru

БӨЛІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

  • Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
  • Ономастикалық атауларды ретке келтіру жөнінде облыстағы жергілікті атқарушы органдардан түскен құжаттарды талдап, сараптау жұмыстарын жүргізеді;
  • Аудандар мен Тараз қаласындағы көше атауларының өзгертілуіне талдау жасай отырып, бұл орайда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен географиялық, тарихи мәдени және саяси-құқықтық маңыздылықтардың жете ескерілуін қадағалайды;
  • Облыстағы елді мекендер мен нысандардың, көшелердің атауларын транслитерация ережелеріне сәйкес берілу жұмыстарын үйлестіреді;
  • Аудандық және қалалық ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтың жұмысын қадағалайды және тіл мамандарына осы бағытта әдістемелік көмектер көрсетеді;
  • Ономастикалық, терминологиялық және антропонимдік бағыттағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде тіл мамандары мен жергілікті атқарушы органдарға насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Әрбір нақтыланған функциялар бойынша мерзімді түрде ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференциялар, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» отырыстары, акциялар мен кездесулер өткізілуін ұйымдастырады;
  • Облыста тілдерді қолдану мен дамытудың әр кезеңдерге арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына ықпал етеді;
  • Облыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктерінің атауларына талдау жүргізеді;
  • Облыстағы көше атауларының аншлагтарын біріздендіру, олардың сапалы және тиісті үлгіге сәйкес әзірленуін қадағалау жұмыстарын ұйымдастырады, аншлагтарға жергілікті бюджеттен қаржының бөліну жағдайын қадағалап, талдау жұмыстарын жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасындағы «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізуді ұйымдастырады;
  • Облыс бойынша сыртқы көрнекі ақпараттар мен деректемелер тілінің мемлекеттік тілдегі мәтінінің сауаттылығына және олардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестендіру жұмыстарына зерделеу рейдін жүргізуді ұйымдастырады;
  • Бөлімге жүктелген «Тіл – тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасын, «Үздік көрнекі ақпарат» атты облыстық байқаудың мерзімді өткізілуін қамтамасыз етеді.