Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкесоблыстағыономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы13 сәуір күні брифинг өткізді.

Брифингтің негізгі мақсаты – облыстағы ономастика мәселесі бойынша Елбасының тапсырмасына сәйкес атау беру және қайта атау жұмыстарының жүргізілу барысы, өңірдегі сыртқы көрнекі ақпараттарды «Қазақстан РеспубликасыныңТіл туралы» Заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары туралы ақпарат беру.

Іс-шара барысында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева Жамбыл облысының ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Кейіннен ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы С.Төрегелдиев «Қазақстан Республикасының тiл туралы» Заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық мәселелері туралы мәлімет беріп өтті.

Брифингтің соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тиісті жауаптар қайтарды.

Ономастикалық жұмыс бөлімі