Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 18 қазан күні Жуалы ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Шараға білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО қызметкерлері, ересек тұрғындар мен жастар, барлығы 150-ге жуық адам қатысты. Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді. Шақырылған спикер – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Балмира Мырзабаева тіл реформасына қатысты жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ