Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қозғалған «Туған жер» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Жер-су атауларының тарихы» атты сырттай ғылыми жұмыстар байқауын өткізді. Жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қатысқан байқау өскелең ұрпақты туған өлке тарихын тануға, оны құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың бойында ізденушілік, тарихи зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, ономастика саласындағы азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ғылыми жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілді: Жергілікті жердің топонимикасы; Жер-су атаулары; Қасиетті, киелі жерлердің атаулары; Тарихи тұлғалар есімдері.

Байқаудың эксперттік тобы жолданған жұмыстарды жан-жақты саралап, нәтижесінде жүлделі 1-орынды Тараз қаласының №39 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Орынбаев Нұрәділ, 2-орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс студенті Тынысбай Ақбота, 3-орынды Жуалы ауданы, №25 Ақтөбе тірек мектебі «Ресурстық орталығының» тарих пәні мұғалімі Сәулебекова Элмира Қалымбетқызы иеленді. Сондай-ақ, Қордай ауданы, №29 Жаңатұрмыс орта мектебінің                   8-сынып оқушысы Қалқажан Гүлім «Туған жерге-тағзым» номинациясымен, Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған орта мектебінің 10-сынып оқушысы Селеусін Бақытжан «Туған жер-тұнған тарих» номинациясымен, Т.Рысқұлов ауданы, №3 шағын орталықты орта мектебінің 8-сынып оқушысы Абақ Ақнұр «Жер-су атауы-тарих көзі» номинациясымен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.