Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 30 қазан күні Жамбыл ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті. Шараға білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО саласының қызметкерлері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты. Семинар-тренингті Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү.Найманова кіріспе сөзімен ашты. Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді. Шақырылған спикер – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының Орфография бөлімінің басшысы Күдеринова Құралай Бимолдақызы жаңа әліпбидің негізгі ережелерінің жобасын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді

????????????????????????????????????

ПІКІР ҚАЛДЫРУ