А.ж. 8 қаңтар күні облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн-курс арқылы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйрету мақсатында әзірленген «QAZALIPBI.KZ» бағдарламасы таныстырылды. Жамбыл ауданы тұрғындары үшін ұйымдастырылған таныстырылымға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев қатысты.

Іс-шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді.

Спикерлер: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты К.Қарымбаева, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы Б.Мырзабаева және осы ЖОО-ның ІТ маманы Е.Мусинов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ