Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жаңа әліпби және емле ереженің жаңалықтары» атты семинар-тренинг өткізді. 2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Абдуалы Асқар Бегәділұлы кіріспе сөзбен ашты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы семинар-тренингтің қатысушыларына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін жан-жақты түсіндірді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ