А.ж. 15 наурыз күні облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық өңірлік коммуникация қызметінің аланыңда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін уақытша атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Тілешов Ербол Ердембекұлының баспасөз конференциясы өтті.
Спикер республикалық шараның аясында ұйымдастырылған дәріс пен екі күндік оқыту семинары туралы жан-жақты ақпарат беріп, латыннегізді қазақ әліпбиіне көшуде Жамбыл облысының аса белсенділігін ерекше атап өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ