Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, а.ж. 14 күні «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбы аясында дәріс ұйымдастырды.
Республикалық іс-шара алғашқы болып Жамбыл облысында өткізілді.
Латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер (оқытушылар) дайындау мақсатында өткізілген шараны облыс әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекованың кіріспе сөзімен басталды.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін уақытша атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Е.Тілешов «Жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі алғышарттары» және орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітбекова «Жана емленің жаңалықтары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріске қалалық және аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімдерінің тіл мамандары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары, мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, барлығы 150-ге жуық адам қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ