Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының жариялануына 2 жыл толуына орай «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Сүйманова Набира Қапарқызы кіріспе сөзбен ашты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Кульзинат Карымбаева және аталған ЖОО-ның аға оқытушысы Балмира Мырзабаева 2018 жылғы 6 желтоқсанда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру жұмыстарына тоқталып, аталған ережелерге қатысты туындап жатқан сұрақтарға жауап берді.
Басқарма басшысының м.а. латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру жұмыстарына өз үлестерін қосып жүрген бір топ тіл жанашырларын алғысхатпен марапаттады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ