2018 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облыстық өңірлік коммуникация қызметінің аланыңда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекованың қатысуымен мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша брифинг өткізілді.
Брифингтің барысында облыс тұрғындарын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқытумен қамту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген индикаторларды орындау, мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік қызметтер ұйымдардың қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін Қазтест жүйесі арқылы анықтау, этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу, үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру және т.б. мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін түсіндіру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, облыстық ономастикалық комиссияның жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ