2019 жылдың 5 наурызында Жамбыл облыстық өңірлік коммуникация қызметінің аланыңда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекованың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингтің барысында облыс тұрғындарын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқытумен қамту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген индикаторларды орындау, мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін Қазтест жүйесі арқылы анықтау, этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу, үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру және т.б. мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін түсіндіру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, облыстық ономастикалық комиссияның жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ