Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастар арасында ««Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді. Шараға мамандығына, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар берілген тақырыпқа сай тұсаукесер өткізіп, «Латын әліпбиі – тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз» тақырыбы бойынша эссе жазды, сондай-ақ мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасады.
Нәтижесінде І орынды Тараз қаласынан Омарова Талшын, ІІ орынды Тараз қаласынан Ержан Назгүл, ІІІ орынды Байзақ ауданынан Тұраров Бекзат иеленді. Үш жеңімпаз да Жамбыл экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері болып табылады.
Олимпиадаға қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ