Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 30 қазан күні Тараз қаласында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті. Шараға білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО саласының қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, барлығы 600-ге жуық адам қатысты. Семинар-тренингті Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың бірінші проректоры А.Абдуалы облыстық тілдерді дамыту басқармасы және университет әкімшілігі мен ғалымдарының латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру жұмысындағы серіктестігін атап өтіп, жастарды бұл мәселеде белсенділік танытуға шақырды.
Шақырылған спикер – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының Орфография бөлімінің басшысы Күдеринова Құралай Бимолдақызы жаңа әліпбидің негізгі ережелерінің жобасын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ