Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ү.ж. 5 қараша күні көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «EDUCATION. COMPETITON. FUTURE» атты шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сыныптың жүргізушілері: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімінің бас маманы, ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Жаксылыкова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты АйдиеАйдарбеков, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әбдіманат жастармен үш тілде еркін пікір алмасты.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілген шараға студенттер, жалпы 14-29 жас аралығындағы полиглот жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ