Ү.ж. 11-16 ақпан аралығында «Көркем тіл-көрікті жарнама» облыстық акциясы өтті. Акция аясында Тараз қаласы көшелеріне ілінген кермелер, билбордтар мен банерлердің мәтіндері мен кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрнекі ақпараттарындағы тіл сауаттылығы зерделеніп, нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Зерделеуге Тараз қаласындағы 100-ге жуық (96)көшеден -5111 (2444нысан, 181 билборд, 18 керме, 2468 банер) нысан қамтылып, нәтижесінде 307-нен (6%) түрлі кемшіліктер анықталды.
Барлық нысан иелеріне 3000-нан астам ақпараттық парақшалар таратылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қонақ үйлер мен мейрамханаларда, шаштараздар мен сұлулық салондарында көрсетілетін қызмет түрлері мен нысандардағы қосалқы есіктерге ілінетін тақтайшаларда жазылатын сөздердің қазақ және орыс тіліндегі дұрыс нұсқалары жазылған парақшалар таратылып берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ