Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 19 қазан күні Талас ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Оған білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО қызметкерлері, ересек тұрғындар мен жастар, барлығы 150-ге жуық адам қатысты. Семинар-тренингті филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Қасиет Молғаждаров жүргізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ