Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 15 қазан күні Шу ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Оған әртүрлі сала мамандары, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 200-ге жуық адам қатысты. Шараны аудан әкімінің орынбасары Клара Қожағапанова ашып беріп, семинар-тренингті Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді.
Шақырылған спикер – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назира Әміржанова семинар-тренингті қатысушылармен еркін форматта сұхбаттасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ