Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, ү.ж. 11 қазан күні Мойынқұм ауданында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде пікірсайыс өткізді. Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға үш немесе одан көп тілді білетін 14-29 жас аралығындағы 25 қатысушы, мұғалімдер мен оқушылар тартылды.
Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Н. Жақсылық пен Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасының орынбасары Б. Дәуренбеков ашып берді.
«Полиглоттар» клубының президенті Ә.Қнуарбеков «Your English level» тақырыбында интерактив жүргізіп, қатысушылар үш тілде пікір алмасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ