Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 19 қазан күні Сарысу ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінтүсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Оған білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО қызметкерлері, ересек тұрғындар мен жастар, барлығы 160-қа жуық адам қатысты. Шараны аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Жарықбасов ашып берді. Семинар-тренингті филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Қасиет Молғаждаров жүргізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ