Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру және жаңа қазақ әліпбиі» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы кіріспе сөзбен ашты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Еркебаев Нұрлан Тәңірбергенұлы, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Әбдіманап Жасұлан Лесбекұлы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы,  облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жәмилә Елеуқызы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Қуат Аян  қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Тараз қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы