Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бродкастинг залында «Полиглоттар» клубының отырысы өтті. Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған полиглот жастар, оқытушылар, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, мектеп оқушылары тартылды.
Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Ә.Ыбырайым ашып берді.
Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар коллеждінің оқытушысы А.Сабуханова «English debate» шеберлік сабағын өткізіп, «Полиглоттар» клубының президенті Ә.Қнуарбеков қатысушылармен үш тілде интерактив жүргізді.
Шараның соңында «Полиглоттар» клубының жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ