Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг залында ағылшын тілінде пікірсайыс өткізілді. Шара «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында ұйымдастырылды.
Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған полиглот жастар, оқытушылар, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, мектеп оқушылары тартылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ