Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 15 қазан күні Қордай ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Шараға білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО қызметкерлері, ересек тұрғындар мен жастар, барлығы 150-ге жуық адам қатысты. Семинар-тренингті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назира Әміржанова жүргізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ