Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының төрағасы Е.Манжуовтың төрағалығымен  облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші Орынбасары М.Тәжиннің 2017 жылғы 1 тамыздағы №17-32-18.236 бұрыштамалық тапсырмасы және 2017 жылғы 19 маусымдағы облыс әкімі К.Көкрекбаевтің төрағалығымен өткен облыстық аппараттық кеңестің №14 хаттамасының 5-тармақ 2, 3-тармақшаларының орындалу барысы туралы Тараз қаласы мен Меркі, Шу аудандары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, отырыс барысында комиссия мүшелерінің оң қорытындысы негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселесі бойынша Қордай ауданынан ұсынылған 1 елді мекенге және Талас ауданынан 3 көшеге атаулар берілді. Жиын соңында аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарларына тиісті жұмыс жүргізу мақсатында тапсырмалар беріліп, хаттамасы рәсімделді.

 Ономастикалық жұмыс бөлімі