Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының
ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 тамызында Байзақ және Жамбыл
аудандарында «Ономастика саласындағы атау берудің жолдары» атты
көшпелі семинар-кеңес өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138
Қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5
наурыздағы № 281 Қаулысының орындалуын жергілікті атқарушы
органдарға түсіндіру (объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді
мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау)
болып табылады.

Семинарға аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді
дамыту, білім бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық
округ әкімі аппараттарының ономастика саласына жауапты бас мамандары,
мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, клубтар мен кітапхана
меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.