Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні облыс әкімі орынбасары Е.Манжуовтың төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінен түскен 46 ұсыныс (Байзақ ауданынан – 8 көше, Жамбыл ауданынан – 26 көше,  Меркі ауданынан – 8 көше, Т.Рысқұлов ауданынан – 3 көше, Талас ауданынан – 1 көше) қаралып, аудан әкімдері орынбасарларының хабарламалары тыңдалды.

Қаралған 46 ұсыныстың 9-ы тарихи тұлға,  7-і тарихи жер-су атаулары, 30-ы дәстүрлі атаулар.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеудің қорытындысы бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова баяндама жасады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ