Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, «NEW TIME. Countries of the workd» тақырыбында шығармашылық кеш ұйымдастырды. Шараға Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі, «Қайнар» колледжі, «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің, Жамбыл медициналық колледжінің полиглот студенттері қатысты. Командалар әлемнің белгілі бір мемлекеті туралы тақырыпты жан-жақты ашып, өнерлерін көрсетті.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, І орынды М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың, ІІ орынды «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің, ІІІ орынды Жамбыл медициналық колледжінің полиглот студенттері иеленді.
Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ