Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 16 қазан күні Мойынқұм ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Аталған мәселеге қатысты үгіт-насихатты және қалың бұқараға түсіндіру жұмыстарын сауатты жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шараға әртүрлі сала мамандары, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Шақырылған спикер – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назира Әміржанова семинар-тренингті қатысушылармен еркін форматта сұхбаттасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ