Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми практикалық» орталығы» Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып ү.ж. 5 қараша күні Меркі ауданында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында «Жаңа емле ережесіндегі дәстүр мен жаңашылдық» атты ақпараттық-насихаттау шарасын өткізді.
Кездесуді Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков ашып берді. Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова жүргізді.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары» тақырыбында баяндама жасап, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің аға қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындардың емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ