Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ү.ж. 17 қазан күні Меркі ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Шараға білім, медицина салаларының мамандары, ішкі істер, банк, ХҚКО қызметкерлері, ересек тұрғындар мен жастар, барлығы 150-ге жуық адам қатысты. Семинар-тренингті М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Балмира Мырзабаева жүргізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ