Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «1 желтоқсан –
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай
«Мемлекеттік тіл және Елбасы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, қазақ тілінің қолданылу
аясын кеңейту бағытындағы Елбасының рөлін насихаттау мақсатында
ұйымдастырылған шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту
басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы мен
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы ашты.
Дөңгелек үстелге Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру
жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді
дамытудың республикалық үйлестіру – әдістемелік орталығының директоры
Тілешов Ербол Ердембекұлы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шүкеев Мұратхан
Жүнісәліұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның
құрметті журналисі, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, тіл
жанашыры Рысдәулет Мақұлбек Қайыпбекұлы, Жоғары санатты хирург
және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының
докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Қазақстан
Журналистер Одағының мүшесі Ордабеков Сағындық Ордабекұлы,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы
Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Мамедова Парида
Иманжанқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент
Ыбырайымов Әзімхан Оразбайұлы, «Жамбыл облыстық қоғамдық
бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының президенті, Тараз
қалалық мәслихатының депутаты Берікқожа Серікбол Қайратұлы
қатысып, тақырыпқа сай өз ойларын білдірді.
Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, «Нұр
Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы Қазақстан
халқы Ассамблеясы хатшылығы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері,
жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылары, студенттері
қатысты.