Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Мағжан оқулары» облыстық байқауы өтті.

Облыстық байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы жас ақындар, аудандық және қалалық байқаудың жеңімпаздары, жалпы 7 үміткер қатысты.

Шара Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясы ұжымы дайындаған М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді және «Мен жастарға сенемін!» атты композициямен ашылды.

Байқаудың бірінші кезеңінде  үміткерлер Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін  мәнерлеп, нақышына келтіріп орындаса, екінші кезеңінде  ақынға арнап өз өлеңдерін ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша  Бас жүлде Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалдиев Айболға, І орын – Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Әмреев Жәнібекке,  ІІ орын Меркі ауданы, №1 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Кәкішева Айданаға, ІІІ орын – Қордай ауданы, №34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Тілеужан Аяжанға берілді.

Ал, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Талас ауданы, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті  Дүйсенбек Адина, «Өлеңім іңкәрім» номинациясымен  Шу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі Сауытбек Айгерім марапатталды.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

4 маусым, 2018 жыл