Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында ү.ж. 30 қазан күні латыннегізді қазақ әліпбиі ұсынылған ақпараттық парақшаларды тарату акциясы ұйымдастырылды. Парақшада латыннегізді әліпбидің үлгісімен қоса кейбір кирилл әріптері мен шеттілділік сөздердің емлесі берілген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мырзабаева Балмира жаңа әліпби құрамында жоқ әріптерді жазу емлесін түсіндіріп, қатысушыларды латыннегізді әліпбиде өз күштерін сынап көрді. Тақырыпқа зор қызығушылық танытқан қатысушылардың көптеген сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ