Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің басымдықтарын насихаттау мақсатында «Жаңа әліпбиге көшу – өркениеттік таңдау, ұлттық модернизацияның, жаңғырудың мызғымас бөлігі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы ашып, жүргізіп отырды.

Дөңгелек үстелде Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің доценті, ф.ғ.к. Қ.Молғаждаров «Латын графикасына көшу кезінде ескерілетін мәселе», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  доценті, ф.ғ.к. А.Жүсіпов «Латын графикасына көшу жолдары», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ф.ғ.к. А. Абдрахманова «Қазақ графикасын реформалау бүгінгі күннің талабы», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Б.Мырзабаева «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің тарихы мен тағлымы», Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.к. К.Қарымбаева «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің тарихы мен тағлымы» тақырыбныда баяндама жасады.

Шараға жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылары, студенттері,  БАҚ өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.