Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай латын әліпбиіне негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін кеңінен түсіндіру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» атты облыстық семинар өткізді.
Семинарды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы және «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы ашты.
Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы «Жаңа қазақ әліпбиінің орфографиялық мәселелері», Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіқадырова Тұрсынай Ырыстайқызы «Қазақ жазуына жаңаша бетбұрыс»,Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық комиссия мүшесі Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы «Латын графикасына көшудегі емле-ереже мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинар пікір алмасумен аяқталды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ