Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылғы 4 мамыр күні облыстағы мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер арасында латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі тілімізге серпін береді» атты жаппай диктант жазу акциясын ұйымдастырды.

Акцияға «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, жергілікті жүйелер телекоммуникациялар торабы, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, барлығы 250 қызметкер қатысты.

Диктант жазу акциясы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық кешенінде өтті.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы