Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен
«Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын насихаттауға
бағытталған ақпараттық түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік
жобасы аясында «Арай Плаза» бизнес орталығында өткен кездесуде Қазақ
тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның
мүшесі, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры,
филология ғылымдарының докторы Қажыбек Ерден Задаұлы мен
журналист Қанат Әуесбайұлы «Латын қарпіндегі Қазақ әліпбиіне көшу –
заман талабы» тақырыбында дәрістер оқыды.
Шараның мақсаты – қазақ жазуын латын графикасына көшірудің
маңыздылығын түсіндіру, Елбасының Жарлығымен қабылданған жаңа
әліпбиді кеңінен насихаттау.
Шараға мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала қызметкерлері,
мектеп басшылары мен мұғалімдер, жоғары оқу орындарының басшылары
мен ғалымдар, тіл жанашырлары, оқушылар мен студенттер,  зиялы қауым
мен қалалық, облыстық, республикалық БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес
мүшелері, ҮЕҰ көшбасшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен
мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері жалпы 400 адам қатысты.