Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы Бірыңғай республикалық күніне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, облыстың зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары мен білім беру ұйымдарының қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбында кең талқылау өткізді.
    Талқылауға облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген, Тараз мемлекеттік инновациялық университетінің ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің деканы Айсұлу Нұрдынқызы Тұрарова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Айнұр Шайзханқызы Келімбетова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Фарида Иманжановна Мәмедова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ономаст-ғалым Зиба Абдуллақызы Құламанова, Тіл жанашырлары Әмзеұлы Әлібек, Батырғали Жылқыбекұлы Ақпаев, облыстық «Знамя труда» газетінің Бас редакторы Бекет Әбділдаұлы Момынқұл, №1 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсия Әмірбекова және т.б. қатысты.