Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен халықтар достығын нығайту, ана тілін құрметтеу, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) жетік меңгерген тіл үйренушілерді анықтау және қолдау көрсету мақсатында «Караоке» байқауы өткізілді.
Байқауға Тілдерді оқыту орталығында қазақ, орыс және ағылшын тілі курстарында оқитын мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. Үш кезеңнен тұратын байқауда топтар қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді өз таңдаулары бойынша орындаса, ағылшын тілінде айтылатын ән жеребе бойынша анықталды.
Нәтижесінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Friends» топбы жеңімпаз атанды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ