Ағымдағы жылдың 11-16 ақпаны аралығында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Көркем тіл – көрікті жарнама» атты акциясы өтуде.
Акция Тараз қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру мақсаттарында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлері, тіл жанашырлары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ