Облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен
ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында «Ел мен жер атауының ұлттық,
танымдық көріністері және оның ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі»
тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық
отаншылдық рухында тәрбиелеу және туған жерге деген сүйіспеншілікті
қалыптастыру, сондай-ақ замана көшінен қалмай, ұлтымыздың өткен жолы мен
тасқа басқан таңбаларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу болып табылады.
Конференцияға қатысушылар: П.Дүйсенбин, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, М.Рысдәулет, Қазақстан Республикасының Құрметті
журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері З.Құламанова, М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к., ономаст-ғалым, А.Белботаев,
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, ф.ғ.к,
Д.Байдалиев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Психология және педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к, Жамбыл облысы
әкімдігінің басқармалары, аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, тіл жанашырлары, жоғары
оқу орындарының профессорлар қауымы, сонымен қатар облыстық БАҚ
өкілдері.

Ономастикалық жұмыс бөлімі