А.ж. 14-15 наурыз күндері облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер (оқытушылар) дайындау мақсатында 2 күндік оқыту семинары өтті. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Еуразия гуманитарлық институтының мамандары инновациялық педагогикалық технологиялар қолдана отырып, жаңа емле ережелерін үйретті.
Семинарға қалалық және аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімдерінің тіл мамандары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары, мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда оқытылған 64 тыңдаушыға арнайы сертификаттар берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ