Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ү.ж. 14 қарашасында өтетін Республикалық жалпыхалықтық диктант жазуға дайындық мақсатында Байзақ ауданында жаңа әліпби негізінде әзірленген емле жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мырзабаева Балмира қатысушыларды латыннегізді әліпбиге негізделген емле жобасының негізгі жаңалықтарымен таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ