Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша азаматтық сектор өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Басқарма басшысы С. Құрманбекова 2017 жылы басқарма тарапынан жүзеге асырылған 6 әлеуметтік жоба аясында 51 іс-шара өткізіліп, оған 16 мыңға жуық адам қатысқандығы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, 2018 жылы басқарма тарапынан өңірде тіл саясатын насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ  тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған 4 әлеуметтік жоба, көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында 2 жалпы, 6 әлеуметтік жоба аясында 133 іс-шара өткізіп, 20 мыңға жуық адам қамту жоспарланып отыр.

Оның ішінде ү.ж. 5-20 маусым аралығында мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жан-жақты түсіндіру мақсатында жарияланған «Қазақ тілі – ғажап тіл» атты әлеуметтік жоба аясында «Қазақстан ұйымдастырушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі лингвист-ғалымдар мен БАҚ өкілдерінен, тіл жанашырларынан ақпараттық топ құрып, аудандар мен Тараз қаласы тұрғындарымен кездесулер өткізіп, семинар-тренингтер ұйымдастырды.

Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету мақсатында «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы «Қазақстан студенттер Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасалды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді  көпшіліктің қолдануына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі 10%-дан кем болмауы көзделген. Басқарма тарапынан бұл нәтижелі көрсеткіш 2017 жылы – 24%-ға орындалса, 2018 жылы – 27,1% жетіп отыр.

Кездесу азаматтық өкілдері әлеуметтік жобаларға қатысты пікірлерін мен ұсыныстарын білдірді.