Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тапсырымен өңірде тіл саясатын насихаттауға бағытталған «Қазақ тілі – ғажап тіл» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тіл  саясатының басым бағыттарын, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін  түсіндіру мақсатында Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай және Шу аудандарында кездесулер ұйымдастырылды.

Жоба аясында лингвист-ғалымдар мен тіл мамандарынан, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құрылған ақпараттық топ аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, аудандағы түрлі сала қызметкерлері мен белсенді жастар, аудан тұрғындары қатысты.

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы