ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми практикалық» орталығы» Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты республикалық семинар өткізді.

Семинар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, қазақ тілінің латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи жер-су атаулары, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулар беру және т.б. туралы сөз қозғау мақсатында ұйымдастырылды.

Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Құрманбекова жүргізді.

Жұмыс тобының құрамындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер саясаткер Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті Тіл саясаты басқармасының басшысы Амангелді Қожабек, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Сәмен Құлбарақ шараны халықпен еркін пікір алмасу форматында өткізді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ