Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілген байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 17-29 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты.
Үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан және Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес бас жүлдені Тараз қаласынан Орынбасар Бақытұлы жеңіп алып, І орынды Шу қаласынан Әбихан Аружан, ІІ орынды Сарысу ауданынан Қабылов Әлімжан, ІІІ орынды Меркі ауданынан Ынтықбай Венера иеленді. Жеңімпаздар облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ